Санаев Мұсырманқұл Тарганбекович 11.04.1966 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
1983 жылы Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық институттың күндізгі бөліміне оқуға түсіп, 1984 – 1986 жылдар аралығында Кеңес армиясының әскери қатарына шақырылып, аға сержант лауазымымен әскери борышын атқарып келген.
1990 жылы жоғарыда аталған институттың тарих және педагогика мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.
1991 жылы Келес ауданына қарасты Ақтөбе селолық кеңесінде әскери жетекші болып жұмысқа қабылданды.
1992 жылы осы аталған селолық кеңесте есепші болып қызмет атқарды.
1994 жылы Келес ауданына қарасты Ақжар ауылындағы Ақжар негізгі мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
1996 жылы Келес ауданына қарасты № 92 Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін осы қызметті атқарып келеді.
2016 жылы – аудан әкімінің құрмет грамотасы, 2016 жылы – аудандық білім бөлімінің мақтау қағазы, 2018 жылы – ҚҰПУ алғыс хаты, 2015 жылы – облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы, 2014 жылы – облыс әкімінің алғыс хаты, 2016 жылы – облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы, 2016 жылы – аудандық білім бөлімінің алғыс хаты, 2019 жылы – ауыл әкімінің алғыс хаты, 2021 жылы – кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапатталған.